«Германияда коронавирус инфекциясымен аурған азаматымыздың денсаулығы жақсарды. Оны қазіргі уақытта ауруханадан шығарған. Ол бүгінде неміс дәрігерлердің бақылауымен карантинде жатыр. Венгриядағы азаматшамыздың жағдайы қанағаттанарлық, ауруханада ем-дом алып жатыр. Диломаттарымыз онымен және дәрігерлермен байланысып отыр», - деді министр.
18:53, 24 Наурыз 2020
Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы ауруханадан шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстан азаматы ауруханадан шықты. Бұл туралы «Хабар 24» телеарнасының тікелей эфирінен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.