«2020 жылы Октоберфест тоқтатылуы тиіс. Қауіп өте жоғары. Сіздер қашықтық сақтай алмайсыздар, маска да тақпайсыздар. Коронавирустың екпесі немесе емі табылғанға дейін абайлап өмір сүру керек», - деп жазды Зедер Twitter-де.
Бавария премьері бұл шешімді Мюнхен мэрі Дитер Райтермен бірге қабылдаған.
Октоберфест сайтындағы мәлімет бойынша, шара 2021 жылдың 18 қыркүйегінде өтеді.
Әлемге танымал Германиядағы шара осы жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында өтуі тиіс еді.
Қазіргі Октоберфест дәстүрі XIX ғасырдың аяғынан бастау алады. Екі апта ішінде фестивальге алты миллион адам келеді. Олар Мюнхенде шамамен 1 млрд еуро жұмсайды.
Авторы: Тимур Дүйсекеев