Басылымның қолына ГФР билігінің бундестагтағы «Жасылдар» фракциясының сұрауына берген жауабы түсті.
Сондай-ақ 2015 жылы Германиядан Сирия мен Иракқа 150 исламшы кеткені хабарланып отыр. Бірнеше жылдың ішінде исламистік лаңкестік үшін ГФР-дан 800 адам кетті, соның ішінде 130-ға жуығы қаза тапқан. 2012 жылы кикілжің ортасында болған адамдардың үштен бір бөлігі Германияға оралған.
«Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы бүгінде әлемдік қауіпсіздіктің басты қауіптерінің бірі болып отыр. Үш жылдың ішінде лаңкестер Ирак пен Сирияның айтарлықтай аумақтарын басып алды. Бұдан басқа, олар өз ықпалын Солтүстік Африка елдерінде, атап айтқанда, Ливияда таратуға тырысып жатыр. Түрлі деректерге жүгінсек, ИМ бақылауына алған аумақ 90 мыңға дейін шаршы шақырымға жетіп отыр - лаңкестер өз заңдары мен билік органдары бар «Халифат» құрғанын жариялады.