Германияда Құранның неміс тілінде шығарылған 25 млн. дана көшірмесі таратылып жатыр

None
АСТАНА. 10 сәуір. ҚазАқпарат - Ислам дінін ұстанушылар Германияда неміс тілінде жарық көрген Құранның 25 млн. дана көшірмесін таратпақ,

деп жазды Welt.

«Оқы!» атауымен құрылған бұл жобаны неміс салафиті Ибрагим Абу Наги (Ibrahim Abou Nagie) бастап отыр. Оның айтуынша, немістің әр үйінде Құран кітабының данасы болуы керек.

Қазіргі уақытта Абу Наги мен оның серіктестері неміс тілінде шығарылған Құранның 300 мың дана көшірмесін таратып үлгерген.