Германияда құс тұмауының өршуі салдарынан тағы 130 мың құс жойылады
АСТАНА. KAZINFORM – Германияның Бранденбург аймағында құс тұмауының жаңа ошақтары анықталды, деп хабарлайды DW.
Елдің солтүстік-шығысында фермерлер 130 мыңға жуық құсты жоюға мәжбүр. Бранденбург жерінде вирус Нойхарденбергтегі фермада 80 мың үйрекке, ал Нойтреббинде 50 мың бройлерге тараған.
Жұқтыру ошақтарының айналасында үш шақырымдық қорғаныс аймағы және он шақырымдық бақылау аймағы құрылды. Өңір билігінің дерегінше, Меркиш-Одерланд ауданында құс тұмауы басталғалы бері жарты миллионнан астам құс өлген немесе жойылған.
Аудан басшысы атап өткендей, Меркиш-Одерланд Бранденбургтегі ең ірі құс өсіру орталықтарының бірі болып саналады және жабайы құстардың көшу жолында орналасқан. Алдағы апталарда тұрымтай мен аққулардың оңтүстікке жаппай ұша бастайды.
Бұған дейін көршілес Мекленбург — Алдыңғы Померания жерінде шамамен 150 мың жұмыртқалаушы тауық жойылған болатын. Ғалымдардың айтуынша, індетті оқшаулауға мүмкіндік бар, дегенмен эпидемия бұл жылы әдеттегіден ертерек басталды. Сарапшылардың мәліметінше, вирус тасымалдаушылардың бастысы алғаш рет тырналар болған, сондай-ақ аққулардың да қырылуы тіркелген.
Құс тұмауы салдарынан мал басын жоюға мәжбүр болған фермерлерге әр құс үшін 110 еуроға дейін өтемақы төленеді.
Айта кетелік Германияда құс тұмауы өршісе, жұмыртқа мен құс еті тапшы болуы мүмкін.