Германияда мигрант ер адам әйел мен баланы пойыздың астына итеріп жіберді

ФРАНКФУРТ-НА-МАЙНЕ. ҚазАқпарат – 29 шілдеде Майндағы Франкфурт орталық вокзалында ер адам енді ғана келген жүргек пойыздың рельсіне 8 жасар ұл мен анасын итеріп жіберген. Бала қаза тапты, ал әйел тірі қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Deutsche Welle-ге сілтеме жасап.

Қылмыскер қашыпкетпекші болған, бірақ оны куәгерлер ұстап алып, полицияға берген.

Полицияның дерегібойынша, куәгерлер қалааралық экспресс пойыз жақындаған кезде қаскүнемнің тағыбір адамды рельске құлатып жібермекші болғанын хабарлады. Ол да аман қалған.

Тергеу барысындаанықталғандай, шабуылдаушы – Швейцарияда тұратын 40 жастағы Эритрей азаматы.Үйленген, үш баласы бар. Тергеушілердің ақпараты бойынша, құрбандар мен оныңарасында ешқандай байланыс болмаған. Ер адам 2008 жылы Швейцарияда баспанаалған. Ол содан бес күн бұрын көршісін пышақпен қорқытып, кейін оған қамауғаалу ордері берілген. Ол осыған байланысты Германияға сапарлауы мүмкін.

Германияпрокуратурасында айыпталушы ер адамның есірткі пайдаланғаны немесе мас күйдеболғаны туралы дәлел жоқ. Шабуылдаушы неліктен мұндай әрекетке барғанын айтпайотыр. Қазір оған психиатриялық сараптама тағайындалды.

Қайғылы оқиғаданкейін адамдар вокзалдағы мемориалға гүл шоқтары мен шамдар әкеліп жатыр.Германия ІІМ басшысы бұл оқиғаны «адам өлтіру» және «ауыр қылмыс» деп атады.

30 шілдедеБерлинде өткізілген арнайы баспасөз мәслихатында Германия ішкі істер министріХорст Зеехофер неміс теміржол вокзалдарындағы полиция санын арттыру керектігінмәлім етті.

«Бұдан бөлекқауіпсіздікті күшейту үшін техникалық мүмкіндіктерді зерттеу керек», - деді осыоқиғаға байланысты демалысын үзген министр.