Әншілердің сахнаға шығуын күтіп тұрған жиналған топқа екі рет жай түскен. Арвайлер муниципалитетінің аймақтық дәрігерлері зардап шеккендердің өміріне төніп тұрған қауіп жоқ екенін айтты. «Rock am Ring» фестивалі биыл 5-7 маусым аралығында өтіп жатыр.
03:54, 07 Маусым 2015
Германияда рок фестивальға жиналғандарға жай түсіп, 33 адам зардап шекті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияда өтіп жатқан Еуропадағы ең атақты «Rock am Ring» рок фестивалінде екі рет соққан найзағайдан 33 адам жараланды, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.