Мәлім етілгендей, жергілікті уақыт бойынша сағат шамамен 18.00 кезінде (астана уақытымен - 23.00) шырша алаңға орнатылған балалардың әткеншегіне құлаған. Бұқаралық ақпарат құралдарының атап өтуінше, оқиға салдарынан балалар зардап шеккен жоқ, жарақат алғандардың барлығы - ересектер.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Жексенбі күні Еуропаның барлық аумағында күшті жел тұратыны болжанған. Германияда қалың қар мен көкөтайғаққа байланысты әуежайда бірқатар рейстер орындалған жоқ.