Германияның батысындағы Солтүстік Рейн-Вестфалия федеральдық жерінің Тұтынушылар құқығын қорғау министрлігі Diamond Vodka деп аталатын жасанды арақты ішпеуді ескертуде. Министрліктің сайтында орналастырылған ресми хабарландыруда сатылып кеткен метанолы бар ішімдік өмірге қауіпті екен.
Ішімдікке жүргізілген сараптама оның бір литрінде 15 грамм метанол бар екендігін анықтаған, бұл ең жоғары рұқсат етілген көрсеткіштен 400 есе көп.