Германияда су тасқынынан зардап шеккендерге €20 млрд көмек берілмек

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германия өңірлерінде су тасқынынан зардап шеккендерге берілетін көмек көлемі €20 млрд құрайды. Бұл туралы дүйсенбі күні Reuters агенттігі дереккөзге сілтеме жасап мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Дүйсенбі күні Солтүстік Рейн – Вестфалия федералдық аймағының премьер-министрі Армин Лашет ландтагта (жер парламенті) сөз сөйлеп, қордың су тасқыны салдарын қалпына келтіру қорына €20-30 млрд қажет болатынын мәлім етті.

Шілденің ортасында Германияның батысы мен оңтүстік-батысында толассыз жауын-шашын жауып, су тасқыны болды. Нөсер салдарынан Рейна Ар мен Мозель, сондай-ақ Зауэр, Прюм, Нимс, Киль және Эрфт өзендері арнасынан тасыды. Солтүстік Рейн - Вестфалия мен Рейнланд-Пфальц федералдық аймағы қатты зардап шекті. Қаза тапқандардың саны 189 адамға жетті.