Оларды ұстауға неміс, чех және француз құқық қорғаушылары, сондай-ақ Еуропа полиция ұйымының қызметкерлері қатысты.
Қылмыстық топ демалыс аймақтарындағы, көлік трассаларындағы және көлік тұрақтарындағы фураларды тонайтын болған. Беларустар Германияда 60-қа жуық қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілініп отыр. Келтірілген шығын 500 мың еуродан астам. Топ құрамында кем дегенде алты адам болған. Баукеспелер Франция аумағында да ұрлық жасаған.
Қылмыстық топтың серкесі мен төрт мүшесі ұсталды. Күдіктілерді қолға түсірген кезде олардың жүк көлігінен ұрланған бірнеше телевизор табылған. Тергеу жұмыстары жалғасып жатыр.