Германияда теміржолдағы ақауға байланысты пойыздар тоқтатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бұл ақпаратты Германияның ұлттық теміржол операторы — Deutsche Bahn компаниясының өкілі растады. Ақау теміржолдағы цифрлық радиобайланыс жүйесінде (GSM-R) туындаған. Қазіргі уақытта техникалық мамандар мәселені жедел түрде жою жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Bild .

Фото: Bild

— Қазір біз пойыздарды жолаушылар түсіп кете алатындай станцияларға жеткізуге тырысып жатырмыз. Одан кейін ақауды жоюымыз керек. Әзірге оның нақты себебі белгісіз, — деді теміржол компаниясының бас директоры Эвелин Палла.

Ақау салдарынан ел бойынша теміржол қозғалысы тұралап қалды. Мәселе жоғары жылдамдықты қалааралық пойыздарға да, қала маңындағы қатынастарға да әсер еткен. Берлин мен Мюнхендегі S-Bahn қалалық электр пойыздарының қозғалысы да тоқтатылды.

Deutsche Bahn компаниясының мәліметінше, қозғалыс қауіпсіздігі толық қамтамасыз етілгенге дейін пойыздар қолайлы станцияларда уақытша тұрады. Осыған байланысты рейстердің кешігуі болжанған.

Ақауға бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту себеп болуы мүмкін. Алайда бұл ақпаратты теміржол компаниясы әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Айта кетейік, Францияда аптап ыстық пен электр желісінің бұзылуына байланысты пойыз жолаушылары эвакуацияланды.