Германияда теракт жасамақ болған жасөспірім ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германия билігі Штутгарт қаласында шабуыл ұйымдастырмақ болған 15 жастағы жасөспірімді тұтқындады, деп хабарлады «ВВС» агенттігі.

Полицияның хабарлауынша, ол Мюнхенде 9 адамды өлтірген Давид Санболимен байланысып тұрған. 

Қолға түскен жасөспірімнің пәтерінен оқ-дәрі, бірнеше пышақ, қанжар және жарылғыш зат қалай жасалатыны туралы нұсқаулық пен химикаттар табылған.

Полиция тергеу кезінде оның мектепте күйзеліске ұшырап жүргенін анықтаған, бірақ ол теракт жасағысы келгенін мойындамаған.