Германияда төрт апталық локдаун басталды

БЕРЛИН. ҚазАқпарат – Германияда коронавирустың таралуын бәсеңдетуге бағытталған төрт апталық ішінара (жартылай) локдаун басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат dw.com ресурсына сілтеме жасап.

Уақыт шектеулері барлық федералдық аумақтарда күшіне енеді. «Жұмсақ локдаун» барлық демалу орындарын, мейрамханаларды, кафелерді және қызмет көрсету саласындағы көптеген компанияларды жабуды көздейді.

Сонымен қатар азаматтарға өз үй шаруашылығынан тыс әлеуметтік байланыстарды «абсолютті минимумға дейін» шектеуге нұсқау берілді.

Роберт Кох атындағы институттың (RKI) мәліметінше, Германияда өткен тәулікте 12 097 адам коронавирусқа шалдыққан. Ауру жұқтырғандардың жалпы саны 545 027 адамға жетті.

Германияда инфекция пайда болғаннан бері COVID-19 вирусынан 10 530 адам қайтыс болған (тәуліктік өсім 49).