Машинаның құжаттарына қарасақ 1987 жылы шыққан қызыл түсті «Мерседес» 560SL Ивана мен Дональд Трампқа тиесілі болған. Ивана Трамп күйеуімен ажырасқан соң өзіне тиген кабриолетті Флоридадағы виллаға қосып сатып жіберген.
Көлік Германияға үш жыл бұрын Италиядан жеткізілген. Ескі мүліктерді сатып алушы неміс саудагері оған 40 мың еуро төлеген, ол қазіргі саудадан екі есе артық пайда табуды көздеп отыр.
Машинаның сатылымға қайда және қалай шығарылатыны жөнінде бірнеше күн ішінде белгілі болады.