Германияда тұратын босқындар қыздарына Ангела Маркель деп ат қойды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылдан бері Германияда тұратын сириялық отбасы жаңа туған қыздарына федералдық канцлер Ангела Маркельдің есімін берді.

Ангела - қыздың бірінші есімі, Маркель - екінші. Тегі - Мұхаммед.

2015 жылы немістің Дуйсбург қаласында да жұптар қыздарының есімін Ангела Маркель деп атағандығы хабарланған. Бұған дейін Канаданың премьер-министрі оның құрметіне балаларына Джастин Трюдо деп ат қойған босқындар отбасымен кездескен болатын.