Германияда үнділердің үйлену тойында жарылыс болды, жараланғандар бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның батысындағы Солтүстік Рейн-Вестфалия федеральдық жерінде өтіп жатқан үнділердің үйлену тойында жарылыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.

Bild басылымының ақпараты бойынша, жарылыс Эссен қаласында ғибадатханаға кіре берісте болған. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бірнеше адам жараланған, олардың бірқатарының жағдайы ауыр. Жарылыстың себебі мен оқыс оқиғаның егжей-тегжейі тексеріліп жатыр.