Германияда ұшақ 90 жолаушысын ұмытып, ұшып кеткен

АСТАНА. ҚазАқпарат - Eurowings компаниясының ұшағы Дюссельдорф әуежайынан бортқа 90 жолаушысын отырғызуды ұмытып, ұшып кеткен, деп хабарлайды Express басылымы.

Ұшаққа жолаушыларды автобуспен жеткізу керек болған. Бірінші автобустағы 40-тай жолаушы бортқа мініп үлгерген. Алайда екінші автобуста болған 90 жолаушы ұшаққа мінбеген.

Басылымның хабарлауынша, жолынан кешіккен жолаушыларды сабырға шақыру үшін әуежайға он шақты полицей келген.