Германияда зейнеткер көлікпен бір топ жаяу жүргіншілерді қағып кетті

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Немістің 80 жастағы зейнеткері көлікпен бір топ жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Соның салдарынан 10 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті, деп хабарлады Утро. ру.

Жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып интернет-БАҚ хабарлағандай, оқиға Вупперталь қаласында орын алған. Жеңіл көлікті басқарған егде жастағы әйел анықталмаған себептер бойынша басқару тетігіне ие бола алмай, адамдар өтіп бара жатқан жолға шығып кеткен. Зардап шеккендердің жағдайы туралы әзірге хабарланбай отыр.