Германияда зейнеткер көшеден 18 мың еуро тауып алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Штутгарттық зейнеткер көшеден тауып алған 18 мың еуроны полицияға әкеліп берді.

Есімі аталмаған 66 жастағы ер адам көшеде серуендеп келе жатып, жерде жатқан оралған ақшаны байқаған. Ол бірден полиция бөліміне барып, ақшаны тапсырған, деп хабарлайды Lenta.ru.

Көп ұзамай құқық қорғау органына көшеде табылған ақшаның заңды иесі хабарласқан. Ол пакетті өзінің автокөлігінің төбесіне қойғанын ұмытып, жүріп кеткен көрінеді.