Германияда жеке куәлік рәсімдеу құны өсті

Фото: BILD

АСТАНА. KAZINFORM – Германияда жеке куәліктерді рәсімдеу үшін алынатын алымдардың өсуі күшіне енді. 24 жастан асқан ересектер үшін жаңа Personalausweis құны 37 еуродан 46 еуроға дейін, яғни бірден 9 еуроға артты, деп хабарлайды BILD

24 жасқа дейінгі өтініш берушілер үшін алым 22 еуродан 27 еуроға дейін өсті. Ең үлкен өсім федералдық полиция беретін уақытша жол жүру құжатында байқалды: бұрын оның құны 8 еуро болса, енді 32 еуро.

Германияның Федералдық ішкі істер министрлігі қымбаттауды өндірістік және кадрлық шығындардың өсуімен түсіндіреді.

Ведомствоның мәліметінше, паспорттар мен жеке куәліктерге цифрлық фотосуреттерді енгізу қызметкерлерді қосымша оқытуды талап еткен, соның салдарынан құжат рәсімдейтін органдарға түсетін жүктеме артқан.

Ресми құжаттарда көрсетілгендей, көтерілген алымдар «шығындарды қайтадан толық өтеуді қамтамасыз етуі» тиіс.

Айта кетелік Германияда байлыққа салынатын салық 140 млрд еуродан аса табыс әкелуі мүмкін.