Германияда жергілікті тұрғындар мен босқындар төбелесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның шығысындағы Баутцен қаласында жергілікті тұрғындар мен босқындар арасында қақтығыс болды, деп хабарлайды 24.kz.

Bild газетінің жазуынша, 80 жас азамат 20 мигрантпен сөзге келіп қалған. Ұрыс-керістің соңы төбелеске ұласады. Екі жақ бір-біріне қолға түскен шөлмектер мен тас лақтырған. Бұл жанжал полиция күшімен тоқтатылды. Оқиға орнына 100 полиция қызметкері келіп, жергілікті тұрғындарды үйлеріне, ал босқындарды лагерьлерге жеткізді.

Босқындар тұратын жатақханаларды күзететін сақшылардың саны көбейтілді. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Еске сала кетейік, Баутцен тұрғындары босқындар тұратын тұрақтарды бірнеше рет өртеп, мигранттарға қарсы шерулер ұйымдастырған болатын.