Twitter-де федеральды полиция құтқару қызметінің соңғы үш вагондағы жолаушыларды эвакуациялап жатқандығын хабарлады. Бұл жұмыстарға тікұшақ тартылған. Әзірге зардап шеккендер мен құрбан болғандар жайлы мәлімет түсе қоймаған.
Апат Дортмудтың басты вокзалына жақын жерде орын алды. Қазіргі уақытта вокзал жабық. Пойыздар басқа жермен өтуде. Оқыс оқиғаның болғанын ГФР-дің Deutsche Bahn теміржол концерні де растады.