Ведомствоның мәліметінше, Германияда осы айда жұмыссыздар саны 27 мың адамға көбейген. Осылайша, 2023 жылдың қазан айымен салыстырғанда, жұмыссыздар саны 183 мың адамға артып отыр.
2024 жылдың қазан айындағы жұмыссыздық деңгейі 6 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды. 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 0,3 пайыз өскен.
Бұл – 2021 жылдың ақпанынан бергі ең жоғары деңгей. Бұған дейін жұмыссыздық төрт ай қатарынан 6 пайыз болған.
Сарапшылар орта есеппен жұмыссыздар саны 15 мыңға артып, жұмыссыздық 6,1%-ға дейін өседі деп болжаған, деп хабарлайды Trading Economics.
Қазан айында ашық бос жұмыс орындарының саны 689 мың болды. Бұл қыркүйек айындағы көрсеткіштен 7 мыңға, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 60 мыңға аз.
Бұған дейін Германияда дәрі-дәрмек тапшылығы басталғанын жазған болатынбыз.