Германиядағы Audi зауыты қызметін уақытша тоқтатты
07:30, 02 Маусым 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның оңтүстік-батысындағы Audi зауыты уақытша қызметін тоқтатты. Оған жауыннан кейін пайда болған тасқын себеп болды, деп жазады 24.kz.
Кәсіпорынның бірнеше цехы көлкіген су астында қалған. Қазір компания өкілдері табиғи апаттың салдарын жоюға тырысып жатыр.
Айта кеткен жөн, Германияда өткен аптаның соңынан бері тоқтамастан жаңбыр жауып тұр. Тасқыннан 4 адам ажал құшып, тағы онға жуық тұрғын жарақат алған.