Германиядағы билеуші партияның басшысы қызметінен кетеді

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Аннегрет Крамп-Карренбауэр Христиан-демократиялық одағы төрағалығынан кетеді және Германия канцлері қызметіне үміткер болмайды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі неміс БАҚ-тарына сілтеме жасап.

БАҚ 2021 жылыАнгела Меркель канцлер қызметінен кеткеннен кейін оның мұрагері саналған Крамп-Карренбауэр өзінің шешімін дүйсенбі күні таңертең партия президиумының отырысында жариялағанын хабарлады.

Сонымен қатар, Ангела Меркель Крамп-Карренбауэр министр лауазымында қалады деп күтеді. Христиан-демократиялық одақтың басшысы 2019 жылдың шілдесінен бастап Германияның қорғаныс министрі болды.

Автор: Тимур Дюсекеев


Фото: Markus Schreiber