Осыған дейін зардап шеккен 30 адам туралы хабарланған болатын.
Жайсыз оқиға Хёфельхоф қаласында (Солтүстік Рейн-Вестфалия жері) баспана таба алмай, босып жүрген 500 адам тұрып жатқан бұрынғы әскери казармада болды.
Полицияның мәліметтері бойынша, құтқарушылар 30 адамды жергілікті ауруханаға жеткізген. Зардап шеккен тағы 27 адам соның ішінде екі өрт сөндіруші оқиға орнында медициналық көмек алды.