Германиядағы дауылдан алты адам ажал құшты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бұдан бұрын дауылды нөсер жауынның, қатты найзағай жарқылының салдарынан бес адам қаза тапқаны туралы хабарланған болатын.

Атап айтқанда, Дюссельдорфте ағаш тұрғын үйге құлап үш адамның өліміне әкеп соқты. Кельнде велосипедші табиғи апат құрбаны болды. Эссенде жолда шашылған ағаштарды жинауға шыққан ер адам қаза тапты. Полиция Крефельд қаласынан тағы бір адамның мәйітін тапқан.

Метеорологтардың хабарлауынша, жел жылдамдығы сағатына 145 шақырымға жеткен. Алайда жалпы сағатына 100 шақырымды құрады. Табиғаттың тосын мінезіне байланысты Кельн, Ахен, Бонн, Дюссельдорф аудандарына пойыз қозғалысы тоқтатылып, әуе хабарламасы үзілді.