АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Дортмунд қаласында 11-13 тамыз аралығында грек-рим күресінен «Grand Prix of Germany» халықаралық турнир өтеді. Оған ел құрамасы сапында белгілі балуандар қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Халықаралық турнирде еліміздің атынан 10 балуан сынға түседі. Олардың кейбірі бір салмақта екеуден боз кілемге шығады.
Жарыс барысында еліміздің атынан қатысатын балуандар тізімі төмендегіше:
55 келі. Марлан Мұқашев;
60 келі. Айдос Сұлтанғали;
67 келі. Алмат Кебіспаев және Мейіржан Шермаханбет;
72 келі. Ибрагим Магомадов және Ерасыл Нұрбосынов;
77 келі. Тамерлан Шадукаев және Демеу Жадраев;
97 келі. Ерұлан Ысқақов;
130 келі. Әлімхан Сыздықов.
Еске салсақ, бұдан бұрын 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық бауандар еркін күрестен бір күміс, екі қола медаль алды.
Еркін күрестен Едіге Қасымбек (110 келі) күміс медаль еншілесе, Нұрдәулет Сейілбеков (71 келі) пен Самир Дурсунов (92 келі) үздік үштіктен көрінді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.