Германиядағы халықаралық турнирге баратын боксшылар белгілі болды

НҰРСҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, 11 наурызда Германияда бокстан халықаралық турнир басталады. Бәсекенің алғашқы күнінде шаршы алаңға шығатын қазақстандықтар белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық доданың алғашқы жарыс күнінде жеті боксшы жұдырықтасады.

Олар:

52 келі: Сәкен Бибосынов;

57 келі: Оразбек Асылқұлов;

63 келі: Ертуған Зейнуллинов;

69 келі: Асланбек Шымбергенов;

75 келі: Ермахан Жақпеков;

91 келі: Айбек Оралбай;

91 келіден жоғары: Қамшыбек Қоңқабаев.