«Жарылыс тіпті оншақты шақырымдай қашықтықтан да естілді. Оқиға орнына жақын жерлердегі үйлер зақымданды»,- деп мәлім етті басылымға полиция комиссары.
Газеттің ақпаратына қарағанда, зауыт ғимараты қираған. Тұрғындарға үйлерінен шықпаулары жөнінде кеңес берілді. Қазіргі уақытта апат орнында 300-ге жуық өрт сөндіруші және 60 полицей жұмыс істеуде.