Германиядағы Қазақстан жылы мерекелік концертпен ашылады

None
МАГДЕБУРГ. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Юлия Чернова/ - Біздің тілшіміздің www.die-newsblogger.de неміс ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап хабарлауынша, ақпанның 3-інде сағат 16-да Берлин қаласының Gendarmenmarkt көшесіндегі Концерт залында Германиядағы Қазақстан күндерінің ашылуына орай мерекелік концерт басталады.
Мерекені ұйымдастырушылардың айтуынша, оған 200-ге тарта қазақстандық әртістер қатысып, туған елінің дәстүрлі әуендерін жұртшылыққа ұсынады. Концертке Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен ФРГ Президенті Хорст Кёлер қатысып, тамашалайды. Концерт бағдарламасында Қазақстанның симфониялық оркестрінің, хордың, халық аспаптары оркестрінің және жас скрипкашылар ансамблінің орындауындағы шығармалар енгізілген. Жыл бойы неміс жұртшылығы Қазақстанның мәдениетімен етене танысады. Сондай-ақ Қазақстан жылы ауқымында көрмелер мен басқа да мәдени шаралар көзделіп отыр.