Германиядағы Қазақстан Елшілігі жанындағы сайлау комиссиясының төрағасы Кеңесші-Елші Д. Кариповтың айтуынша, ҚР Парламенті Мәжілісі сайлауында дауыс беруге аталған елдегі сайлаушылардың 98 пайызы қатысты.
Бұған дейін хабарланғандай, ондағы Қазақстан дипломатиялық өкілдіктерінде аталған елде тұратын немесе уақытша сапарда жүрген қазақстандықтар үшін сайлау учаскелері жұмыс істеді. Дауыс беруге қазақстандық дипломаттар, олардың отбасы мүшелері, студенттер, әскери оқу орындарының курсанттары, диаспора өкілдері мен кәсіпкерлер келді.
05:13, 21 Наурыз 2016
Германиядағы қазақстандық сайлаушылардың 98 пайызы дауыс берді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 наурыз күні Германияда жергілікті уақытпен сағат 20:00-де Берлин қаласында орналасқан Қазақстан Республикасы Елшілігіндегі №197-ші сайлау учаскесі және Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулдықта құрылған №219-ші сайлау учаскесі жұмысын аяқтады.