«Германияға 20 мың тонна алғашқы мұнай партиясы ақпанның соңына дейін жөнелтіледі деп отырмыз. Кеше рәсімдерді аяқтаса, тасымалды бүгін бастауға болады», - деді Болат Ақшолақов Үкімет үйінің кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына.
Айта кетсек, кеше ғана Германияға экспортталуы тиіс 20 мың тонна мұнайдың әлі жөнелтілмегенін хабарлаған едік.
Еске салсақ, Энергетика министрі Болат Ақшолақов ақпан айының бірінші жартысында Қазақстан Германияға мұнайдың алғашқы партиясын жеткізетінін айтқан еді.
Сондай-ақ, Энергетика министрі Германияға жылына 6 млн тоннаға дейін мұнай экспорттай алатынымызды мәлім еткен еді.
Фото: reuters.com