Жыл аяғына дейін Германияға тағы 300 мың босқын келеді деп жоспарлануда, - деп мәлімдеді босқындар мен мигранттар ісі бойынша федералды мекеме басшысы Франц-Юрген Вайс Bild басылымына берген сұхбатта.
"Менің ойымша, биыл 300 мыңға жуық адам келеді», - деді ол.
Оның айтуынша, мекеменің 250-300 мың мигрантты сәтті орналастыруға шамасы жетеді. Шенеунік бұл көрсеткіштің ең ұтымды екенін айтқан.
«Егер бұдан артық адам келсе, біздің жұмысымыз қиындай түседі. Тіпті дағдарысты ахуалға ұшырауымыз мүмкін», - деді Вайс.
Алайда, ол 2015 жыл секілді қиын-қыстау кезең енді қайталанбайды деп үміттенеді.
Foto: AFP/Scanpix