ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Өзбекстан мен Германия өзбекстандықтардың неміс компанияларына жұмысқа орналасуын жеңілдетуге бағытталған бірқатар келісімге қол қойды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Өзбекстанның Жұмыспен қамту және кедейлікті төмендету министрі Бехзод Мусаев Самарқанда Германияның Ішкі істер министрі Нэнси Фезермен кездесу өткізді.
«Көші-қон мәселесі бойынша бірқатар жеңілдіктер әзірленіп жатыр. Біз өзбекстандықтарды неміс компанияларына жұмысқа орналастыру процесін жеңілдетуге дайынбыз», - деп мәлім етті Нэнси Фезер кездесу барысында.
Сонымен қатар, ведомство басшылары медицина мамандары мен көлік саласының қызметкерлерін даярлау үшін жаңа бағдарлама әзірлеуге уағдаласты.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.