Берлиндегі партия съезінде ГСДП делегаттары басым көпшілікпен Олаф Шольцтің басшылығын сақтап қалуға дауыс берді, тек бірнеше делегат қарсы болды.
Қазіргі канцлер өз сөзінде «қарапайым халық үшін» әділ жалақыны, қолжетімді баспана мен тұрақты зейнетақыны қамтамасыз етуге шақырды.
Жақында АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп Вашингтонды Гренландияны бақылауға алуға шақырғаннан кейін, өз кезегінде Олаф Шольц егеменді шекаралардың принциптерін қорғауға үндеу жасады.
2021 жылы ГСДП делегаттарының 96,2% жасырын дауыс беру арқылы канцлер лауазымына Шольцты ұсынуды қолдады. Сол кезеңде ГСДП парламенттегі ең ірі партия болды.
2024 жылы желтоқсанда Бундестаг депутаттарының көпшілігі Олаф Шольц үкіметіне сенімсіздік вотумын қолдады.
Еске салсақ, былтыр қыркүйек айында Германияның Федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға сапармен келген.