Германияның Астанадағы елшілігі Facebook-те виза мәселелері бойынша кеңестер береді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Астанадағы елшілігі жақын арада Facebook-тегі парақшасында «Консулдан сұра» деп аталатын жаңа айдар ашылатынын хабарлайды, деп оқырмандарға ақпарат берген дипломатиялық өкілдік жоғарыда аталған әлеуметтік желіде.

«Кез келген тілек білдіруші достарымыз Facebook-те info@astana.diplo.de электронды мекен-жайға «Facebook: Консулдан сұра» тақырыбына виза ашуға өтініш беру рәсімі жөнінде қысқаша сұрақтарын бере алады. Бұдан кейін консул әр апта сайын оқырмандарымыздан түскен ең қызықты деген сұрақтардың біріне жауап қайтарады», - делінген хабарламада.

Ақпараттық қауіпсіздік үшін елшілік өкілдері сұрақтарды түсіндірмелерде жарияламай, электронды пошта арқылы ғана жіберуді ұсынады.

«Сұрақ берушінің аты-жөні аталмайды», - деп атап өтілген елшіліктің Facebook парақшасындағы жарияланымында.