Германияның бұрынғы президенті Рихард Карл фон Вайцзеккер дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - 95 жасқа қараған шағында Германияның бұрынғы президенті Рихард Карл фон Вайцзеккер өмірден озды, деп хабарлады ВВС.

Ол 1984 жылмен 1994 жыл аралығында Германияның федералды президенді қызметін атқарған. Оның өмірбаянындағы ең жарқын сәттің бірі 1985 жылы 8 мамыр күні Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 40 жыл толуына орай жасалған баяндамасындағы сөзі болды. Ол өз сөзінде фашистік Германияны қатты сынға алған болатын.