Германияның бұрынғы президенті Вальтер Шеель дүниеден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Вальтер Шеель 1974-1975 жылдары Германия президенті болды, деп хабарлады ВВС агенттігі.

Германияда 97 жасқа қараған шағында бұрынғы ел президенті Вальтер Шеель қайтыс болды.

Бұл туралы Еркін демократиялық партиясы хабарлады. Сондай-ақ, оның қайтыс болғанын ГФР үкіметінде де растады.

Жергілікті БАҚ саясаткердің көз жұмар алдында ұзақ ауырғанын жазды.

Шеель ГФР-да 1974 - 1979 жылдары президент болды. Бұған дейін бес жыл елдің сыртқы істер министрі, вице-канцлер болды. Ал одан бұрын экономикалық даму министрі болған.

Шеель - ең атақты неміс саясаткерлерінің бірі. Әсіресе, оны шешендік дарыны үшін бағалады.