Германияның Дрезден қаласындағы музейден 113 млн еуроның мүлкі ұрланды

ДРЕЗДЕН. ҚазАқпарат – Германияда сот 2019 жылы Дрезденде ірі көлемде ұрлық жасаған бес адамды кінәлі деп таныды. Бұл туралы ҚазАқпарат Би-Би-Сиг агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ол кезде тонаушылар тобы Дрездендегі қалалық музейге кіріп, ол жерде сақтаулы тұрған 113 млн еуроның сирек кездесетін бағалы заттарын алып кеткен.

Полиция ұрланған заттардың басым бөлігін, соның ішінде гауһармен көмкерілген семсерді тапқан. Бірақ, қалған заттар табылмайды деген қауіп бар.

Тонаушыларға төрт жылдан алты жылға дейін сотталуы мүмкін.

Бір жылға созылған тергеуден кейін полиция алғашқы ұрыларды тұтқынға алды. Сотталушылардың барлығы – «Реммо қауымының» мүшесі. Германияда бірнеше «қауым» – шыққан тегі араб отбасы желілері бар. Олар аса ірі ұйымдасқан қылмыстарға, соның ішінде универмагқа шабуылға және банк тонауға жауапты болған.

Дрезден қарақшыларының бірі бұған дейін 2017 жылы Берлиндегі Боде мұражайынан 100 келі алып алтын монетаны ұрлағаны үшін сотталған болатын. Монета табылған жоқ және оны металға балқытып жіберген деп болжанды.

«Өнерге деген құштарлықтан құнды заттарды ұрлайтын адамдар бар, бірақ бұл жағдайда бәрі керісінше болды, - деді Дрезден Мемлекеттік өнер коллекцияларының бас директоры Марион Акерманн. Олар нені ұрлап кеткендерін де түсінбеген».

Еуропадағы зергерлік бұйымдар мен бағалы заттардың ең үлкен коллекциясы қойылған Grünes Gewölbe («Жасыл жинақ») Дрезден қазынасы 2019 жылы тоналды. Бұл қазіргі тарихтағы зергерлік бұйымдардың ең ірі тоналу ісі болды.

Алайда тұтқындалған үш адам тонағанын мойындады және прокурорлармен жасалған мәміле аясында жеңіл жаза үшін ұрланған заттардың орналасқан жерін айтуға келісті.

Жалпы алғанда, мұражайға 31 зат қайтарылды, бірақ кейбір құндылықтар әлі де табылмады, соның ішінде «Саксонияның ақ тасы» деп аталатын өте сирек кездесетін гауһар да табылған жоқ.