Бұл туралы «Die Welt» газеті 29 желтоқсан күнгі санында жазады.
Газет жүргізген сауалнамаға 16 жердің қаржы министрліктері қатысқан.
Басылым жұмсалар қаржының бұдан да көп болуы мүмкін екенін алға тартады. Себебі жергілікті жерлер өз бюджетін федералдық үкіметтің соңғы болжамына сүйеніп жасады, онда 2015 жылы елге 800 мың босқын келеді делінген, алайда жыл аяғына дейін бұл көрсеткіш артуы ықтимал.
Германияның халық көп шоғырланған жерлері - Солтүстік Рейн - Вестфалияда бұл мақсатқа 4 миллиард еуро бөлінген. Ал, Бавария 3,31 миллиард, Баден-Вюрттемберг 2, 25 миллиард еуро бөлуді жоспарлап та қойған.