Германияның солтүстігінде A/H1N1 тұмауының салдарынан мектептер жабылуда

АСТАНА. Қыркүйектің 3-і. ҚазАқпарат - Германияның Солтүстік Рейн-Вестфалия жерінің қалаларында, оның ішінде Кельн де бар, оқушылардың A/H1N1 тұмауымен ауыру фактілеріне байланысты ондаған мектептер жабылуда,

деп  хабарлайды  ресейлік  «Жаңалықтар» агенттігі.

Солтүстік  Рейн-Вестфалия    жерінің Дюссельдорфтағы     денсаулық сақтау министрлігінің    өкілі   хабарлағанындай, Кельн,  Кройтал, Унна  қалаларындағы бірқатар  мектептер  жабылғаннан кейін,     жаңа тұмау  фактілері   тіркелген    бірнеше   шағын қалада        тағы   төрт мектеп   жабылуда.

Шолушылар,   Солтүстік  Рейн-Вестфалия   жерінің  үкіметі   A/H1N1  тұмауының  таралуының алдын  алу  шарасы  ретінде  жазғы демалысты  ұзартудан бас тартқанын     еске салып отыр.  Қазіргі уақытта Солтүстік  Рейн-Вестфалия   жерінде,  денсаулық сақтау министрлігінің  мәліметтері  бойынша,    ересектер  мен   балалардың  A/H1N1 вирусын жұқтыруының 5 105 оқиғасы тіркелген.    Ал  жалпы  Германияда  16 261 адамнан вирус  анықталып отыр.