АСТАНА. ҚазАқпарат - Германияның Констанц қаласындағы түнгі клубтардың бірінде атыс болды. Оқыс оқиғадан бір адам қаза тауып, үш адам жарақаттанды, деп хабарлайды Риа Новости.
Жексенбі күні 34 жастағы ер адам Макс-Штромайер-Штрассе түнгі клубына келушілерге оқ жаудырған.
«Оқ атқан ер адам полициямен болған атыста жарақат алып, ауруханада көз жұмды», - деп мәлім етті құқық қорғаушылар.
Атыс себептері әзірге беймәлім. Тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.