Германияның үздік ойыншысы анықталды

АСТАНА. 9 қаңтар. ҚазАқпарат - Германия ұлттық құрамасының және «Арсенал» футбол клубының жартылай қорғаушысы Месут Өзіл үшінші жыл қатарынан Германияның жанкүйерлері дауыс беру арқылы анықтаған «үздік футболшы» атағын алды, деп жазады alaman.kz.

25 жастағы Өзілге 30 % дауыс берілген. Екінші орындағы Филипп Лам 17,54 %, ал үшінші сатыдағы Томас Мюллер 13,66% дауыстар жинаған. Өзіл биылғы маусымда 15 ойынға қатысып 4 гол, 8 голдық пас жасаған (Англия премьер-лигасы).