Бұл туралы Reuters-ке сілтеме жасаған РосБизнесКонсалтинг хабарлады.
Дауыс беру қарсаңында И.Гаукта Германияның президенті болуына барлық мүмкіндіктері барлығы туралы болжамдар айтылды.
Би-Би-Сидің хабарлағандай, Федералдық жиынның дауыс беруі тек формальды болуы мүмкін, себебі, пастор И.Гаукты президентке кандидат ретінде елдің негізгі саяси партиялары ұсынды. Оның жалғыз қарсыласы өз елінде ұлтшыл қылмыскерлерді іздеу жұмысымен танымал Беате Кларсфельд болған.
Атап өтейік, екі жыл бұрын өткен президенттік сайлауда канцлер Ангела Меркель И.Гаукты қолдаған жоқ. Сол кезде оның партиясынан кандидат - Кристиан Вульф сайланған болатын.
Алайда, қызмет бабын теріс пайдалану және қаржылық пайда табу айыптауларына байланысты болған даулардан кейін, К.Вульф отставкаға кетіп, президенттік орын бос қалған болатын.