ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, Рождество мерекесі қарсаңында 56 жастағы ер адам Глубокое аудандық полиция бөлімінің «102» жедел арнасына хабарласып, танысының Өскемендегі ГЭС-ке жарылғаш зат орнатқанын айтқан болатын.
Дереу полиция қызметкерлері мен тиісті органдар аталған объектіге жетіп, аумақты түгел тексерді. Алайда хабарлама жалған болып шыққан. Мамандар ГЭС-тен ешқандай жарылғыш затты таппады.
«Сотқа дейінгі тергеу барысында анықталғандай, ішімдік ішіп алған екі ер адам арасында жанжал туындаған. Сол кезде олардың бірінде қылмыстық ниет пайда болған. Мас азамат өз әрекетінің жауапкершілігін түсінбей, құқық қорғау органдарына жалған ақпарат жеткізген», - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.
Глубокое аудандық сотының шешімімен 55 жастағы ер адам ҚР ҚК-нің 273-бабы бойынша кінәлі деп танылып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектелді. Үкім толықтай заңды күшіне енген.