ГЭС-тегі апат құрбандарының саны 47 адамға жетті

АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Тамыздың 17-сінде болған Саян-Шушенск ГЭС-індегі апат салдарынан қаза тапқандардың саны 47 адамға жетті, тағы 28-інің тағдыры белгісіз,

деп хабарлайды ҚазАқпарат РБК сайтына сілтеме жасап.

Бұл жөнінде Хакасия бойынша ТЖМ бас басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.