Гейдар Джемаль Алматыда жерленеді
14:27, 05 Желтоқсан 2016
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресей Ислам комитетінің төрағасы, белгілі теолог, философ Гейдар Джемальді жерлеу рәсімі Алматыда өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жерлеу рәсімі 2016 жылдың 11 желтоқсанында өтеді. Марқұм Кеңсай-2 зиратына жерленеді», делінген «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында.
Гейдар Джемаль бүгін түнде 70 жасында дүниеден озды.
Ол 1947 жылы 6 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келген.
1965 жылы ММУ Шығыстану институтына түскен. Бірақ, көп ұзамай оқудан шығарылған. 1995 жылы ол «Ислам комитеті аймақаралық қоғамдық қозғалысын» құрып, осыған дейін өзі басшылық етіп келді.