Гейдарды Алматыда жерлеу өзінің шешімі болды - Гүлнар Джемаль

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресей Ислам комитетінің төрағасы, белгілі теолог, философ Гейдар Джемальдың жаназасы Алматыдағы Орталық мешітте өтіп, «Бағанашылдағы» мұсылман зиратына жерленді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Танымал ғалымды Алматыда жерлеу туралы шешімді марқұмның өзі көзі тірісінде өсиеттеп кеткен екен. Мұны марқұмның қазасында ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында оның артында қалған жары Гүлнар Джемаль айтты.

«Оның мұнда достары көп. Бізді емделуге шақырған. Қазан айынан бері осындамыз. Он жылдан бері ауырып келеді. Жеке емханада емделді. Өмірінің соңғы күндерінің жеңіл өтуіне көмектесті. Ол көп жылдан бері тауда жерленсем деп айтатын. Емдетуге Алматыға алып келгенімізде, осында қалдырыңдар деді. Бұл - оның өз шешімі», - деді марқұмның жесірі Гүлнар Джемаль.

 

Марқұмның жаназасына Ресейден, Әзербайжан, Қырғызстан, Татарстаннан адамдар келді.

Гейдар Джемаль кеше Алматыда 70 жасында дүниеден озды. Ол 1947 жылы 6 қарашада Мәскеу қаласында дүниеге келген. 1965 жылы ММУ Шығыстану институтына түскен. Бірақ, көп ұзамай оқудан шығарылған. 1995 жылы ол «Ислам комитеті аймақаралық қоғамдық қозғалысын» құрып, өзі басшылық етіп келді.